Нигерияда 25 млн адам аштыққа ұшырады
Нигерияда 25 миллиондай адам аштыққа ұшырады. Елдің солтүстік шығысындағы Борно штатында мұндай жағдайдың қалыптасуына биылғы алапат тасқындар себеп. Жыл басынан бері 36 штаттың 29-да төпелеген жауын мен топан судан 1 жарым миллион гектар егістік алқабы жойылған. Бұны Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылығы агенттігі хабарлады. Оның өзге бір дерегінше, Нигерияда 200 миллион тұрғынның 40 пайызы кедейшілік шегінен төмен жағдайда өмір сүріп жатыр. Жергілікті халық тұрмысын экстремисттік топтар мен әскерилер арасындағы қақтығыстар да нашарлатып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04