Мемлекетке қайтарылған активтер қайда жұмсалады?
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Алматы мен Шымкент қаласында әлеуметтік нысан салынады. Бұл туралы Бас прокуратура жанынан құрылған активтерді қайтару жөніндегі комитет хабарлады.
Алматыда бұл ақшаға ауданы 3 мың шаршы метрден асатын заманауи Мәдениет орталығы ашылмақ. Онда көрме алаңдары, білім беру және демалыс орындары қарастырылған. Әлеуметтік осал топ өкілдеріне жыл сайын тегін шеберлік сабақтары өткізіледі.
Ал Шымкентте мұқтаж отбасылар үшін көпқабатты тұрғын үй салынады. Мұндай әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін қайтарылған актив есебінен 12 миллиард теңге бөлінеді. Жалпы «Арнайы мемлекеттік қорға» заңсыз алынған активтерден 171 млрд теңге түскен.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04