Жамбылда қариялар Ардагерлер үйінің ауласын тазартты
Жамбылда қариялар жастарға үлгі көрсетіп, Ардагерлер үйінің ауласын тазартты.
Осылайша Аса ауылының ақсақалдары замандастарын жинап, «Таза бейсенбі» акциясына тұрақты түрде үлес қосуға шақырды. Қарттардың өзі қарап тұрмаған соң, тазалық жұмысына жастар да жұмылды. «Аманат» партиясының белсенділері бастаған бір топ азамат шөп шауып, қап-қап қоқыс шығарды. Енді алдағы уақытта Жамбыл ауданының қариялары 17 ауылдық округ бойынша тазалық жұмыстарын жүргізбек.
Бақыт Сырлыбаев, Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Тазалық адамның бірінші өзінің сана сезімінен басаталады. Шетелден келген адамдар бірінші тазалыққа қарайды және еліміздің мәдениеттілігіне қарайды. Сондықтан ел болып, соның қасында біздің ардагерлер болып, қазақ елін, жерін таза ұстауға атсалысу керекпіз. Ол біздің үлкен парызымыз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04