Үздік орманшылар марапатталды
«Семей орманы» табиғи орман резерватында орман шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті. Салтанатты жиында қарағайлы орманды сақтау мен қалыпқа келтіруде еңбегімен танылған үздіктер марапатталды. Қазір резерватта өткен жылы болған ауқымды өрттен кейін қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 63 мың гектардан астам өрт шалған аумақты тазарту жалғасуда. Былтырдан бері «Семей орманында» қолданыстағы техниканың 20 пайызы жаңартылып, өртті алдын ала анықтайтын заманауи құрылғылармен қамтылды. Білікті мамандардың саны да артып келеді.
Жұмағали Сағадиев, ардагер орманшы:
Мемлекет өткен жылдан бастап біздің резарваты дамытуға үлкен қолдау білдіріп жатыр. Қазір орманды өсіру мен қорғауға қажет заманауи техниканың түр-түрі бар. Орманшылардың еңбек ақысы да еселеп артты. Бұл жас кадрлардың көбеюі мен қарағайлы орманды қорғау ісін ширата түсуге көп септігін тигізеді, деп санаймын.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10