Sim-карта сатуға шектеу қойылады
Елімізде SIM-карта сатуға шектеу қойылмақ. Абоненттік нөмірді енді eGov порталы арқылы ғана алуға болады. Әрі бір азаматқа бір ғана SIM-карта беріледі. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков Мәжіліс отырысында айтты. Министрлік тиісті заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл интернет алаяқтық қылмыстардың алдын-алу үшін қабылданған шара. Себебі, қазақстандық нөмір арқылы әккі айлаларын іске асырып жүргендер көбейді. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, елде қолға түскен 3 қылмыстық топтан бүгінде 3500-ден астам SIM-карта тәркіленген.
Асхат Оразбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары:
Егер азаматтар бірнеше SIM-карта пайдаланатын болса, әр нөмір үшін есеп беруі керек. Біз алдағы уақытта осындай ұсыныспен шығамыз. Депутаттар қолдау көрсетеді деген ойдамын.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04