Соғыстан қашқан 60 мыңдай ливандық Сирияны паналады
Израильдің әуе шабуылдарынан үрейленген мыңдаған ливандық соғыс жүріп жатқан Сириядан пана тапты. Екі ел арасындағы «Джусия» атты ресми шекара пункті арқылы 60 мыңнан астам ливандық өткен. Кусейр қаласында оларға арнап екі босқындар орталығы ашылды.
Ливандардың айтуынша, Израиль әскері бейбіт тұрғындар орналасқан аудандарды бомбалап жатыр. Сирияда да соғыс жүріп жатқанынымен олар көрші елге кетуді қауіпсіз деп тапқан. Ал Израиль Ливандағы «Хезболла» тобына қарсы шабуылын үдете түскен.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, былтыр қазан айынан бері Израиль әскерінің әуе соққыларынан 2 мыңнан астам ливандық қаза тапқан. Ал жараланғандар саны 10 мыңнан асты.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04