Талдықорғандықтар бүгін қала күнін атап өтті
Жетісудың орталығына қала мәртебесі берілгеніне биыл 80 жыл толды. Шаһар күннен күнге гүлденіп, өсіп, өркендеп, тұрғындар саны 200 мыңнан асты. Орта және шағын бизнестегі кәсіпкерлік субъектілер 18 мыңға жуықтап, қала бюджеті 56 млрд теңгеге жетті.
Жастар саябағында түрлі қойылымдар мен көрмелер ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар мен қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Дәстүр бойынша облыс орталығының дамуына үлес қосқан тұрғындарға қаланың құрметті азаматы атағы беріліп, марапатталды.
Болат Керімбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қаланың болашағы әлі алда. Бұдан да үлкейіп, зәулім үйлер салынады. 5,6-шағын аудан ғана болатын бұл жерде. Қазір 12, 13-ке дейін созылып жатыр. Бұл нені көрсетеді? Қаламыздың көркейіп, үлкейіп жатқандығын көрсетеді. Сондықтан өзіміздің әсем Талдықорған қаласына тек қана көркейе берсін.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04