Израиль Ливан жеріне басып кіруге дайындалып жатыр
Израиль әскері құрлық арқылы Ливанға басып кіруге әзірленіп жатыр. Мұны Израиль армиясының қолбасшысы мәлімдеді. Әуе күштері Ливанның шекаралас және шалғай аудандарына соққы беруді тоқтатқан жоқ. Израиль Ливанға дүйсенбіден бері үдете соқы беріп жатыр. 72 адам қаза тапқан. Басты нысана - Хезболла лидерлері мен қозғалысқа тиесілі инфрақұрылым.
Ливан болса кеше Тель-Авивке баллистикалық зымыран жіберді. Алайда Израиль жағы ракетаны атып құлатқан. Бұл қақтығыс БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында талқыланды. Франция мен АҚШ тараптарды атысты 21 күнге тоқтатуға үндеді. Вашингтон мен оның одақтастары шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуге баса мән беріп отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04