Жамбыл облысында 100 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Жамбылда жыл басынан бері пайдаланылмай отырған 100 мың га жер, яғни 550 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл алқаптар 450 адамға тиесілі болған. Ал былтыр 130 мың гектардан асатын жер қайтарылған. Прокурорлар игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді түрлі тексеру тәсілдері арқылы анықтаған. Соның бірі - ауылшаруашылығы жануарларының сәйкесткендіру жүйесі. База арқылы мал-мүлік туралы мәліметтер алынып, шаруалардың иелігіндегі төрт түлік саны тексерілген. Тіпті кейбірі мал асыраймын деп, атшаптарым алқаптарды не өзі пайдаланбай, не өзгеге бермей құр иеленіп отырған.
Нұрсұлтан Нұрымбетов, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры:
Мәселен Сарысу ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын асырау мақсатында 2 700 гектардан асатын 5 жер учаскесі берілген. Тексере келе бір де бір жануар болмай шықты. Әкімдік алқаптарды 2 жыл бұрын берген. Жалпы өңірде осындай олқылықтарға жол беріп, жер заңнамасының бұзғаны үшін 28 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04