АҚШ Израильге қосымша қару-жарақ сатпақ
АҚШ Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан тұста Израильге құны 20 миллиард доллар болатын қару-жарақ сатуды құптады. Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, оған F-15 жойғыш ұшағының 15 данасы, орта қашыққа арналған зымырандар, мыңдаған оқ-дәрі кіреді. Вашингтон осы арқылы Израильдің қорғаныс күшін арттыруды қолдамақ. Алайда қару-жарақты жеткізу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. АҚШ жұртшылығы мен заң шығарушылар Газадағы бейбіт тұрғындардың өліміне байланысты Израильге әскери көмек беруді шектеуді ұсынды. Мамырда Байден әкімшілігі Израильге авиациялық бомбалар жеткізуді тоқтатқан еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04