Қостанай облысында «Таза қайың тоғайы» экологиялық акциясы өтті
Қостанай облысы Майкөл ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза қайың тоғайы» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Бұл шарада ауылдың айшығына айналған қайыңды орман күл-қоқыстан тазартылды. Экоакцияға ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер мен ерікті жастар қатысты. Майкөл ауылының орталығында орналасқан қайың тоғайы ауылдың тарихи орындарының бірі. Мұндағы ағаштарды өткен ғасырдың 50-жылдары ауыл тұрғындары өздері отырғызған.
Берік Масақбаев, Майкөл ауылдық округінің жалпы білім беретін мектебінің директоры:
Осы республикалық бағдарлама бойынша ауылдың шетінде жиналдық. «Березовый роща» дейді, 50-ші жылдары салынған ағаштар қазір соның бәрі өсіп, осыларды жинауға жиналып отырмыз. Барлығы жиналды үлкен адамдар, кішкентай балалар, оқушылар, мұғалімдер, әкімдік адамдары территориямызды жинап жатырмыз.
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04