Ақтөбе облысында сиырлардың қырылу себебі: Жайылым шөп уланған
Ақтөбе облысында ірі қара малының жаппай қырылуына шөптің құрамында алкалоидтың көптігі себеп болды. Бұл туралы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында өңірдегі шаруа қожалықтарының бірінде сиырлар белгісіз індеттен қырылып, шаруа шығынға ұшыраған болатын. Зертханалық тексерулерден кейін шөпте алкалоидтардың жоғары концентрациясы бар екені анықталып, үй жануарларының уланғаны дәлелденді. Сондай-ақ малдың аса қауіпті ауруларға шалдықпағаны нақтыланды. Малдың ары қарай қырылуына жол бермеу үшін эпизоотиялық қарсы шаралар қолға алынып, ірі қараларға екпе салынды.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04