Павлодар өңірінде 502 мың гектар жер кәдеге аспай, бос жатыр
Павлодар өңірінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 502 мың гектар жер кәдеге аспай, бос жатыр. Бірақ иесі бар. Оларға жер телімдерін игеру немесе мемлекетке қайтарып беру жөнінде ескерту жасалды. Негізі биыл аймақта 140 мың гектар аумақты мемлекет меншігіне алу жоспарланған. Бұл былтырғы жылғыдан екі есеге көп. Кейін осы жерлердің бәрі заңдастырылып аграрлық салада тікелей пайдалану үшін іскер жандарға жалға беріледі. Бастысы жерді пайдаланбайтын азаматтар бұрынғыдай сотқа жүгініп, өкілетті органдарды әуре-сарсаңға салмайтын болған.
Мұрат Хамитов, облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы:
Бүгінгі күнге 70 мың гектар жер қайтарылды. Бұл 55 пайызы. 80 мыңдай әлі қайтаратын жер дайын тұр бізде. Өзі еркімен қайтаратындар бар. Одан кейін мерзімі біткеннен кейін біз қайтарып аламыз оларды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04