Оңтүстік жастарына «Серпін» бағдарламасы бойынша 4 мыңға жуық оқу гранты бөлінеді
«Серпін» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Биыл оңтүстік жастары еліміздің солтүстігі мен батысындағы 8 облыстағы 19 жоғары оқу орнында білім алуына мүмкіндік берілді. Талапкерлерге 3903 грант бөлінген. Жастар педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Осы салалар бойынша қазір өңірлерде маман тапшы.
Ләйлә Әсет, талапкер:
Келешекте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдадым. Солтүстік жақта мүмкіндік өте көп. Және өзіме сенімдімін қалаған қалаға оқуға түсетініме. Ертеңгі күні жұмысқа орналасуға да тиімді.
Нұрлан Дулатбеков, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің басқарма төрағасы-ректоры:
Бітіргеннен кейін бұрын 3 жыл болса, қазір 2 жыл. Университет бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс жасау керек. Яғни бұрын бір ғана облыспен, өңірмен шектеліп қоймайды. Қазір республиканың 11 аймағына бөлінді. Олардың жұмысқа орналасу нәтижесі 80-85 пайызға дейін болып жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04