Баспананы төтенше жағдайдан сақтандыру міндеттеледі
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов сенатор Бибігүл Жексенбайдың депутаттық сауалына жауап беру кезінде айтты. Бұған дейін депутат бюджетке қол сала бермей, табиғи апаттан келген шығынды өтеу тәсілін өзгертуді ұсынған. Себебі, Қазақстанның 75 пайызы табиғи қаупі жоғары аймаққа жатады.
Ал су тасқынынан 13 мыңға жуық жер үй су астында қалған. Депутаттың сауалына жауап берген Үкімет басшысы халықаралық тәжірибені ескеріп, енді төтенше жағдай кезінде міндетті сақтандыру енгізілетінін мәлімдеді. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. Бұған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жауапты болады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04