Атырау облысында Талдыкөл ауылының тұрғындары жаппай эвакуацияланды
Бұл Атырау облысының Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылы. Елдімекен тасқын су құрсауында тұр. Кірме жолды су шайып кетуіне байланысты мұндағы тұрғындар жаппай эвакуацияланып жатыр. 280 адам қаладағы эвакуациялық пункттерге жеткізілді. 800-ге жуық тұрғын өз қалауларымен туыстарының үйіне кеткен. Азаматтарды қауіпсіз аймаққа тасымалдау үшін 50 шақты қызметкер мен 10-нан астам техника жұмылдырылған.
Арман Әділғалиев, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары:
Біз осыған дейін де осы ауылдардың тұрғындарын көшіргенбіз қауіпсіз аймақтарға. Жүкті аналарды, бала-шағаларды, үлкен кісілерді. Енді мынау кірме жолды шайып кетуіне байланысты тұрғындарды түгел көшіруге тура келіп отыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10