Атырау облысында 100-ден астам отбасы мүлікті бағалау нәтижелерін алды
Атырау облысы Жылыой ауданында тасқыннан зардап шеккен 100-ден астам отбасы жылжымайтын мүлікті бағалау нәтижелерін алды. 6 мобильды топ тұрғындардың үйлеріне барып, бағалау және техникалық сараптама қорытындылары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінге дейін су басқан 2 920 үйдің 2 906-сы судан құрғатылған. Қазіргі таңда 2 600-ден астам үй техникалық тексеруден өтіп, бағалау жүргізілді. Тұрғындардан, барлығы 3000-ға жуық өтінім келіп түскен, жұмыстар әлі де жалғасуда.
Жұмабек Қаражанов, Жылыой ауданының әкімі:
Келіскен жағдайда қорытындылармен онда өтініштерін 2 жұмыс күн ішінде келіп, табыстау қажет. Әрмен қарай жергілікті әкімшілік сол өтініш негізінде тиісті күрделі жөндеу жұмысына қаражаттарын аударады. Ал жарамсыз деп танылған үйлерге үй салу мәселесі болмаса жаңадан тұрғын-үй сатып алып беру мәселесі қаралады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04