Мопедшілер жүргізуші куәлігін алуға міндеттеледі
Енді мопед міну үшін - жүргізуші куәлігін алу міндет. Бүгін Мәжіліс әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң жобасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Құжатқа сәйкес, кез келген қозғалтқышы бар көлік, жол қозғалысының толыққанды қатысушысы саналады. Мопедтер ресми тіркеліп, мемлекеттік нөмір алады. Жыл сайын техникалық байқаудан өтіп, сақтандыру полисін де рәсімдеуі шарт. Депутаттардың айтуынша бұл жолдағы қауіпсіздікті едәуір арттырады.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Мопедшілерге біз жарты жыл уақыт береміз. Осы уақыт аралығында жүргізуші куәлігін алып, дайындалулары тиіс. Кейін олар да автокөлік жүргізушілері сияқты жауапқа тартылады. Мопедшілерге А1 санатындағы жүргізуші куәлігі қажет. Ол «А», «В» және «С» санатындағы жүргізушілерге қосымша дайындықсыз автоматты түрде ұсынылады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04