Солтүстік Қазақстанда тасқыннан келген шығын 70 млрд теңгеден асады
Оның 95 пайызы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданына тиесілі. Мамандар табиғи апаттан келген залалдың алдын-ала есебін шығарды. Бұл жөнінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны болған аймақтарда ұйымдастырылған баспасөз туры барысында мәлімдеді. Облыста 60-тан астам үй әлі де суда тұр. Тасқын басталғалы 3 млн текше метрден астам су сорылды. Құрғаған баспаналарды бағалау, жөндеу процессі жүріп жатыр. Ал «Солнечный - 2» кентінде тасқыннан зардап шеккен отбасыларға арналған 500 үй салынып жатыр. Бірінші болып іргетасы қаланған 100 баспананың құрылысы 50 пайызға аяқталды.
Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі:5 маусымнан жаңдан салынып жатқан үйлерді иелеріне тапсыра бастаймыз. 500 үйдің құрылысы қыркүйек айына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Қанша үйдің тұруға жарамсыз екені су толық кетіп, бағалау жұмысы аяқталған соң белгілі болады. Инженерлік инфрақұрылымды қалыпқа келтіру бойынша да көп жұмыс атқару қажет.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04