Шымкенттегі балалар теміржолы қалпына келтірілмейді
Кезінде Шымкенттің мақтанышы болған, кейін қараусыз қалып талан-таражға түскен балалар теміржолы бұзылатын болды. Оның орнына веложол, жүгіру жолақтары, бірнеше воркаут алаңы салынып, 6 жарым шақырым жер тұрғындардың серуендейтін аймағына айналады. Шаһар әкімінің айтуынша, балалар теміржолын реконструкциялау мүмкін емес. Шойын жолдың біраз бөлігі бұзылған. Ал шағын локомотивтерді арнайы тапсырыспен қайта жасату қыруар қаржыны қажет етеді. Сондықтан теміржол желісі бойын демалыс аймағы ету оңтайлы жоба саналып отыр. Құрылыс түгел демеушілер қаржысына жүргізіліп жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04