Дубайда еріктілер тұрғындарды көшіруге көмектесіп жатыр
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында да, еріктілер су басқан аудандардан халықты көшіруге көмектесіп жатыр. Эвакуациялау жұмыстарына олар қайықтармен барған. Парсы шығанағы жағалауындағы елдерде сәуірдің 16-да жауын құйып, артынша су тасыды. Табиғи апаттан Әмірліктерде 1, Оманда 20 адам қаза тапқан.
Айта кетсек, бұл аймақта жаңбыр өте сирек жауады. Ал ауаның температурасы кейде 50 градусқа дейін көтеріледі. Ғалымдардың болжамынша, климаттың өзгеруінен Парсы шығанағы аумағында сынап бағанасы көтеріліп, ылғалды көбейтіп жіберген. Мұндай жағдай алда талай тасқындарға себеп болуы мүмкін деп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04