Whatsapp-тағы тасқынға байланысты көмек сұрау туралы әрбір үшінші хат – фейк
WhatsApp мессенджеріндегі тасқыннан зардап шеккен адам ретінде көмек сұрап жазылған әрбір үшінші хат - алаяқтардың әрекеті. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мамандары осылай деп мәлімдеді. Себебі халық қарасы көп алты чаттан үш күнде 50 шақты фейк хабарлама анықталған.
Полиция қызметкерлері бұл хаттардың алаяқтардың қитұрқы әрекеті екенін анықтаған бойда авторлардың телефон нөмірін бұғаттап, хаттардың көзін жойған. Әлгі хаттардың әдетте мазмұны бір болады. Қаржылай көмек сұраған өтінішпен қоса, банк реквизиттері көрсетіледі. Сондықтан тәртіп сақшылары қырағылық танытып, күдік тудырған хаттар туралы мәліметтерді экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарлауды сұрайды.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04