Қ.Бишімбаевтың ісін алқабилер қарайтыны хабарланды
Бишімбаевтың адвокаттары бірнеше талап түсірген. Істі прокурорға қайтарудан бастап «Абайсызда кісі өлтіру» бабына ауыстыруға дейін. Судья Айжан Құлбаева бұл өтініштерді қанағаттандырмады. Сонымен бірге Бишімбаевтың адвокаттары Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы ұрып-соққаны түсірілген видеоны алып тастау, тергеу экспериментін жүргізу, Нүкенованың әкесіне және басқа да бірқатар адамға психиатриялық сараптама тағайындау туралы өтініштерін де қанағаттандырмады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Менің ойымша сот та, Жоғарғы соттың басшылары да қоғам алдындағы, адамдар алдындағы жауапкершіліктерін түсінеді. Кім болса да қандай да бір манипуляцияға еріп кетеді деп есептемеймін. Процестің объективті, әділетті және заңды болғанына бәрі мүдделі. Бәрі өзінің жауапкершілігін түсінеді. Трагедиялық оқиғаның, тиісінше, сот процесінің соңында, сонымен бірге заң да қабылданды - жағдай өзгере бастайды. Қоғам әйелдерді тұрмыстық зорлықтан қорғауды талап етіп отыр. Бұдан әрі жағдай жақсара бастайды деп ойлаймын.
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04