Германия кәсіпорындарында қысқарту болып жатыр
Германияның ірі концерндері жұмыс орындарын жаппай қысқартуға кірісті. Тұрмыстық техника шығарумен айналысатын Bosch компаниясы жылдың соңына дейін 1500 мың қызметкерді жұмыстан шығармақ. Әлемдегі ең ірі химиялық концерн BASF басшылығы 3300 адамды қысқарту арқылы, шығынды 1 млрд еуроға азайтуды көздейді. Сондай-ақ, тоқты көп тұтынатын аммиак шығаратын зауыттарын жаппақ. Кәсіпорындардың мұндай шешім қабылдауына – инфляция, электро энергияның қымбаттауы, пайыздық үстеменің өсуі себеп.
Клаус Шнид, Автоконцерннің коммерциялық директоры:
Үкімет тарапынан қаржылай қолдау болмаса, автомобиль өндірісі құрдымға кетеді. Алдағы 5 жылда біздің салада 60 мың жұмыс орны қысқарады.
Барбара Реш, Тәуелсіз сарапшы:
Германия экономикасы құлдырап барады. Биліктегілер уәдеден гөрі, нақты іске көшуі тиіс. Жаппай жұмыссыздық алып дағдарысқа әкелетінін ұмытпауы керек.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10