ЖОО оқытушылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өтті
Елордада жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша республикалық семинар басталды. Жиында қатысушыларға жемқорлыққа қарсы заңнама, академиялық адалдық қағидаттарын енгізудің практикалық құралдары түсіндірілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тәрбиемен бірге жастардың санасында жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілікті қалыптастыру маңызды. 100-ден астам ұстаздың басын қосқан шара бірнеше күнге жалғасады.
Саян Ахметжанов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы:
Сәуір айында осындай тәжірибені қалыптастыруға байланысты «GRACE» халықаралық бастаманы енгізуге БҰҰ-мен бірге атқарамыз.
Толқын Мұздыбаев, Семей медицина университетінің аға оқытушысы:
Ерте дүниеден келе жатыр ғой сыбайлас жемқорлықпен күрес. Қанша күрес болсада, күрес заң ол бір бөлек. Жас ұрпақты тәрбиелеу - ол екінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру - балабақшадан, мектеп, орта мектепте болсын өте керек мәселе.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04