Футболдан Қазақстан Суперкубогының ойындары Түркияда өтеді
Футболдан Қазақстан Суперкубогының ойындары биыл Түркияда өтеді. Бүгінде отандық командалар Анадолы елінде жаңа маусымға қызу дайындалып жатыр. Дәл қазір әріптесіміз Әділбек Серікұлы Антальядан бізбен тікелей байланысқа шығуға әзір. Әділбек биыл шетелдік ойыншыларға шектеу алынып тасталды бұл талап ел футболына қандай өзгеріс әкеледі?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Алдағы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының командалары алаңға 11 легионерді шығара алады. Еліміздің футбол федерациясы осылайша ішкі біріншілікте бәсекелестікті арттырмақ. Кейбір клубтар бүгінде көптеп шетелдік шеберлермен жасақталып жатыр. Бірақ, отандық аяқ допшыларға сенім артып отырған командалар бар. Соның бірі – Қызылорданың «Қайсары». Сырбойылық команданың басым бөлігі қазақстандық футболшылар.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Жаңа маусымның тағы бір жаңашылдығы. Қазақстан Суперкубогының ойындары алғаш рет Түркия жерінде өтеді. Жүлдені Ордабасы, Тобыл, Ақтөбе және Елімай сарапқа салады. Қазақ жанкүйерлері бұл бәсекелерді тек телеарнадан тамашалай алады. Айта кетейік, Суперкубок ойындарын «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04