Шымкентте үгіт-насихат жұмыстарына 85 миллион теңге бөлу жоспарланған
Шымкенттің жергілікті билігі LED-экран мен насихат жұмыстарына 85 миллион теңге жұмсамақ. Тапсырыс беруші – қалалық ішкі саясат және жастар ісі басқармасы. Қаралған ақшаның 62,5 миллион теңгесі мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық даму бағыттары мен әлеуметтік саясатты насихаттау, түсіндіру мақсатындағы материалдарды әзірлеуге және оларды орналастыруға бағытталады. Ішкі саясат және жастар ісі басқармасы мемлекеттік сатып алу порталында сондай-ақ тағы бір лот жариялаған. Ол бойынша мегаполистің тыныс-тіршілігі туралы аппараттың бейнероликтері әзірленеді. Қала көшелеріндегі LED экрандарда көрсетілетін бұл материалдарға 22 миллион теңге бөлінбек.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04