Маңғыстауда 300-ден астам тұрғын «Күміс жас» жобасы аясында еңбек етуде
Маңғыстауда «Күміс жас» жобасы аясында 300 ден астам зейнеткер жұмыс істеп жатыр. Алпысты алқымдаған тұрғындар негізінен күзет қызметіне сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандардың әкімшісі болып еңбек етуде. Оларға төленетін жалақының 70 пайызын мемлекет субсидиялайды. Аталған жоба зейнетке шығуға бірер жыл қалған жұмыссыздарға арналған. Бірақ олар жұмысты зейнетке шыққасын да жалғастыра береді. Былтыр жобаға өзгеріс енгізілді. Енді 50 жастағы жұмыссыз тұрғындарға да еңбекке араласуға мүмкіндік берілді. Қазір аймақта әлеуметтік жобасына қатысуға ниеттілер көп. Жыл басынан бері 53 адам жұмысқа орналасқан.
Зинаида Асанова , Ақтау қаласының тұрғыны:
Мен «Күміс жас» программасымен жұмысқа орналастым осы соланға. Администратор болып жұмысқа орналастым. Мен әртүрлі жұмыс болсын атқара беремін. документация болсын басқа жұмыстар болсын маған ол ешқандай қиыншылығы жоқ бұл жұмыстың. Бұл біздің Президентіміздің шығарған программасы,бұл бізге өте тиімді болды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04