Гендерлік саясат бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатыр
Елімізде отбасылық құндылықтарды дамыту және гендерлік саясат бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Бүгінде гендерлік саясат және демография мәселелері бойынша 12 зерттеу ұйымын біріктіретін ұлттық консорциум құрылған. Ол үшін Ұлттық комиссия жанынан бірыңғай ғылыми деректер базасы жиналды. Әйелдерді қолдауға, сондай-ақ оларды қоғамдық және саяси өмірге тартуға бағытталған «Томирис» ұзақ мерзімді білім беру жобасы әзірленді. Оның аясында 560 белсенді оқудан өтті. Сонымен бірге, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығы құрылған.
Айжан Салимжанова, Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығының директоры:
Бізде тек қана университет деңгейінде бұл бакалавриат деңгейінде элективті түрде пәндер, гендерлік зерттеу пәндері беріледі. Бірақ кешенді түрде бір образавательный программа жоқ. Сондықтан біздің бұл программамыз 1-2 жылдың ішінде осы тақырып бойынша толыққанды зерттеу жүргізіп, зерттеу методикаларын, гендерлік зерттеулерді толығырақ білу арқылы біз мамандарды даярлап шығамыз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04