Қостанай облысында белгісіз жыртқыш қойларды қырып кетті
Қостанай облысының Ұзынағаш ауылында белгісіз жыртқыш бір үйдің қорасына түсіп, қойларын қырып кетті. Барлығы тоғыз ұсақ мал қырылған. Жаралылары да бар. Жергілікті тұрғындар мұны ауылдағы қаңғыбас иттерден көріп отыр. Себебі бұл өңірден соңғы кездері ешкім түз тағысын байқамаған және малға қасқырдың тісі тигенге ұқсамайды. «Күзден бері мұндай жағдай осымен үшінші рет болып отыр», - дейді ауыл әкімі. Адамдар қазір күн батқанда көшеге шығуға да қауіптенетін болыпты.
Тілеуғабыл Дүйсенов, Қарақоға ауылдық окруігінің әкімі:
Қаңғыбас иттер бос жүрген ауылда бар. Үйді үйді аралап иттеріңе ие болыңдар, байлап ұстаңдар деп айтамыз. Аудандағы ветеринарларға хабарладық осы жағдайды. Бірақ олар «атуға рұқсат жоқ, ештеңе істей алмаймыз» дейді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10