Еуропада құс тұмауы өршіді
Еуропада құс тұмауы қайта өршіді. Франция үкіметі індеттің таралу қаупі «жоғары»деп бағалап, шаруа қожалықтарына сақтықты күшейтуді жүктеді.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Құс тұмауы Дания, Италия, Германия, Нидерланд, Франция мен Бельгияның шаруа қожалықтарында көптеп тіркелуде. Осы елдерде соңғы бір аптаның өзінде 2 млн-нан астам қанаттының көзі жойылған. Былтыр індеттің кесірінен Еуропаның 37 мемлекетінде 50 млн құс өртелген болатын. Биыл сондай шығын шықпас үшін биліктегілер шаруа қожалықтарына тауықтарды сыртқа шығармай, жабық жерде ұстап отыруды жүктеді. Вирустың алдын-алу үшін күзде Францияда 250 үйрекке құс тұмауына қарсы вакцина салынған болатын. Екпе тиімділігін дәлелдесе, өзге елдер де індетпен күресте осы шараны қолға алмақ.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10