Израиль әскері Газаны толық қоршауға алды
Израиль жауынгерлері мен танкілері Газа қаласын толық қоршауға алды. Олар осы секторды екіге бөлгендерін жариялап отыр. Бұған қоса, Израиль армиясы солтүстік Газа мен Газа шаһарының тұрғындарын оңтүстікке көшіру үшін «өткізу дәлізін» ашқандарын хабарлады. Әзірге Израиль қарулы күштерінің Газаға қашан кіретіні белгісіз. Болжамдарға қарағанда, бұл операция алдағы 48 сағатта басталуы мүмкін.
Ал Израильдің авиациялық соққыларынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 9700-ге жетті. Сол құрбандардың 4 мыңнан астамы – бала.
Таяу Шығыста жаңа соғыс қазанның 7-де хамастықтар Израильдің оңтүстік қалаларына шабуыл жасап, 1400 адамды мерт қылғаннан кейін басталды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13