Главная Новости Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды

Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды

«Атамекен» отандық инвесторларды қолдау мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмысын күшейтеді. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 14 съезінде айтылды. Жиында 2025 жыл мен 2026 жылдың алғашқы алты айындағы жұмыстар қорытындыланды. 1 жылда палата бизенсмендердің  71 млрд теңге көлеміндегі мүліктік мүддесін қорғаған. Сонымен қатар 308 сот ісі іскер азаматтардың пайдасына шешілген. Отандық өндірістің өрісін кеңейту бағытында да бірқатар өзгеріс бар. Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық тауар өндірушілерге берілетін алдын ала төлем 50 пайызға дейін ұлғайтылды. Ал су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруалар шығындарының 80 пайызына дейін өтемақы ала алады.  Палата мәліметінше, кәсіпкерлер көтерген проблемалардың 77 пайызы шешімін тапқан.

Аслан Қалиғазин, «Атамекен» ҚР ҮКП басқарма төрағасыынң орынбасары:

Кеше өткен алдын ала съезге 400-ге жуық кәсіпкер мен мемлекеттік органдардың 100-ге жуық өкілі қатысты. Кездесу барысында бизнестің 30 мәселесі тікелей талқыланып, қосымша 157 сұрақ жинақталды. Бүгін олардың толық тізімі Үкіметке тапсырылды. Көтерілген мәселелер салық салу, инфрақұрылым, жер телімдері, инженерлік желілерге қосылу және қаржыландыру бағыттарын қамтиды. Ендігі мақсатымыз – осы мәселелердің шешілуіне ықпал ету.

Поделиться