Қазақстан тарихы қытай тіліне аударылып жатыр
Қытай жазушылары мен тарихшылары Қазақстан тарихын қытай тіліне аудара бастады. Бұл туралы қытайтанушы-ғалым, ақын, профессор Дүкен Мәсімханұлының туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияда айтылды. Жиынға Иран, Түркия, Қырғыстан, Қытай мен Өзбекстан едерінің ғалымдары, шығыстанушылары мен саясаттанушылары қатысты. Олар Қазақстан мен Шығыс елдерінің арасындағы мәдени, саяси байланыстарды талқыланды. Шара барысында Дүкен Мәсімханұлының «Қытай қаламгерлерінің таңдамалы шығармалары» 5 томдығының және «Ұлт пен Рух» деп аталатын ғылыми зерттеулерге арналған кітабының тұсауы кесілді.
Хангелді Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
Қытай жағы Қазақстанда жарық көрген Қазақстан тарихының 5 томдығын аударуға қолға алды. Ол енді біраз уақыт талап етеді, дегенмен ол ел кездейсоқ ештеңені қолға алмайды. Процесс жүріп жатыр. Ол енді жабық тақырып емес, олар да аударады біз де аударамыз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03