Главная Новости ШҚО-да спорт кешені ашылды

ШҚО-да спорт кешені ашылды

Шығыс Қазақстан облысының Бозанбай ауылында спорт кешені ашылды. Аумағы 1000 шаршы метрден асатын екі қабатты нысан «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған. Мұнда бокс, күрес, волейболмен айналысуға барлық жағдай жасалған. Енді жергілікті тұрғындар ауылдан болашақ чемпиондар шығады деп үміттеніп отыр. Әрі тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында ашылғанын жақсылыққа балайды.

Мүслім Жұрқабаев, жаттықтырушы:

Осы кешеннің ашылғанына біз өте қуаныштымыз. Біздің оқушыларымыз үшін, ауыл жастары үшін өте маңызды ғимарат. Әлемдік деңгейдегі спортшылар шығады деген ойдамыз. Біздің туымызды биікке көтеріп, әнұранымызды бүкіл әлемге шырқатады деген сенімдеміз.

Поделиться