Елімізде екінші деңгейлі нарықтағы баспана бағасы арзандап жатыр
Елімізде екінші деңгейлі нарықтағы баспана бағасы арзандап жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның төмендеуі, әсіресе, соңғы 4 айда байқалады. Екінші деңгейлі нарықтағы тұрғын үй 3,7% пайызға арзандап, әр шаршы метрі қазір 494 мың теңге тұрады. Баға Астана, Алматы, Көкшетау, Өскемен және Қостанай қалаларында төмендеген. Ал басқа өңірлерлерде әзірге өзгеріс жоқ. Енді салынып жатқан тұрғын үйлер де арзандапты. Алайда, 0,1 пайызға ғана. Қазір оның шаршы метрі 486 мың теңге. Ал баспананы жалға алу құны керісінше 4 пайызға қымбаттады. Қазір бір бөлмелі пәтерді орташа жалдау ақысы – 124 мың теңге.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04