Қазақстандық компаниялар 4 күндік жұмыс аптасына көшкісі келмейді
Қазақстандық компаниялар 4 күндік жұмыс аптасына көшуге асықпай отыр. Еңбек кодексіне тиісті өзгеріс енгеніне 1 ай болды. Осыған байланысты HeadHunter сарапшылары зерттеу жүргізіп, 80-нен астам кәсіпорыннан сауалнама алған. Оның 69 пайызы бұл жүйені мүлде қарастырмайтындарын ашық айтқан. 3 пайызында ғана жұмыс күнін қысқартуға мүмкіндік бар екен. «Алайда, ол күннің ауылы алыс», - дейді. Компаниялар 4 күндік жұмысқа өткен соң, өндіріс тоқтап, қызмет көрсету қиындай ма деп қорқады. Сонымен бірге, еңбек өнімділігі төмендеп, кәсіпорынның табысы азаяды деп болжап отыр.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04