Павлодар облысында 15 адам суға кеткен
Шомылу маусымы басталғалы Павлодар облысында 15 адам суға кеткен. Олардың үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған бала. Бірақ ресми тіркелгені 4-ақ адам. Өйткені өкілетті органдар шомылуға арнайы рұқсат берілген жағажайларда болған жазатайым оқиғаларды ғана статистикалық есепке алады. Айта кету керек, биыл Ертіс өзені тартылып барады. Суы таяздап қалған жерлерде адамдар шомылатын орын жасап алған. Мәселен, суға түсуге былтыр 35 орында рұқсат берілсе, биыл 47 жағажай жұмыс істеп тұр.
Олег Трещев, Облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Суға батып қайтыс болғандардың бәрі рұқсат етілмеген жерде шомылған. 228 адамға айыппұл салдық. Бұл өткен жылғыға қарағанда екі есе көп. Себебі күн ыстық. Адамдар суға түскісі келеді. Ең қиыны мас күйінде келген 181 адам жағажайда ұсталынды. Өткен жылы 46 адам айыппұл арқалаған болатын.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04