Чилиде толассыз жауын салдарынан жүздеген адам баспанасынан айрылды
Чилиде толассыз жауын жауып, арты лай көшкініне ұласты. Нөсерден өзендер арнасынан тасыған. Жүздеген адам баспанасынан айрылды. Табиғи апат елдің орталық және оңтүстік бөліктерін әбігерге салды. 37 мың тұрғын электр жарығынсыз қалды. Ел астанасы Сантьягода да жағдау ушыққан. Қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету үзілген. Ал мектептер уақытша жабылды. Ел билігі бірнеше провинцияда қауіптің «қызыл белгісін» жариялады.
Клаудио Оррего, Сантьяго өңірінің губернаторы:
Өңірде 600 адам уақытша паналарға көшірілді. 67 адам жараланған. Майпо каньонында 2500 адам қалып қойды. Оларға көмек керек. Апатты аудандарда қоғамдық жұмыс министрлігі жұмыс істеп жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05