Қазақстандықтар жазғы демалысты қайда өткізеді?
Қазақстандықтар жазғы демалысты қайда өткізеді? Сарапшылар жүргізген сауалнама азаматтардың 45%-нің қыдыруға қаражаты жетпейтінін көрсеткен. Оған қатысқан 4000 респонденттің 25%-ы демалысын елде, 17%-ы шетелде, 13% қала сыртында өткізуді жоспарлаған. Ал қалған 45% қаржылық себептерге байланысты ел аумағынан шыға алмайды. Шетелде демалуға ниеттілердің 40% Түркияны таңдаған. Одан кейін тізімде Біріккен Араб әмірліктері, Мысыр мен Тайланд тұр. Ішкі туризмді қолдайтындар үшін бірінші орында – Алакөл. Бурабай мен Балқаш жағасында демалушылар да көп. Жалпы жағдайы орташа қазақстандық отбасы сыртқы туристік бағыттарға 1 миллион, ал ел ішіндегі демалысқа 300 мың теңгеден көп емес ақша жұмсауға дайын екенін жазған.
Данияр Қайыртайұлы
Автор
Данияр Қайыртай
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10