Павлодарда субұрқақта тоқ соққан бала есін жиды
Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы субұрқақта тоқ соққан 3 жасар бала есін жиды. Жағдайы жақсарып келеді. Екі күн бұрын ол ауруханаға жеткізілген болатын. Алдын-ала мәліметке қарағанда, сорғы қозғалтқышына су тигендіктен қысқа тұйықталу болып, темір құбырды ұстап тұрған бала мұрттай ұшқан. Субұрқақта жүрген басқа балалар зардап шекпеді. Себебі тоқ автоматты түрде ажыратылған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сәби бірер күнде үйіне шығарылады.
Айдана Төлеутай, Ақсу қалалық ауруханасының дәрігері:
Қазіргі жағдайда баланың жағдайы тұрақты. Өзі жүріп, өзі тамақтанады. 4-і күні палатаға ауыстырылды. Еш жерінде ауырсынуы жоқ. Күйік орындары жоқ. Емі жалғасуда.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04