Таразда балалар төл мерекесін тойлады
Таразда балалардың жарқын күлкісі, жайдары жүзінен-ақ бүгінгі мерекелік мәзір қыза түскенін байқауға болады. Қала саябақтарында сәбилердің сыңғырлаған күлкісін естіп, қойнына сыймаған қуанышын көріп өзіміз де бір сәтке бала болғымыз келді. Бүлдіршіндер балмұздақ жеп, батпырауық ұшыруды өз деңгейінде «әдемі орындап» жүр. Бірі сурет салудан сайысқа түссе, ән айтудан да шеберліктерін паш етіп, бар ынтасын салуда.
Раяна Болысбай:
Мен бүгінгі мерекеге қатты қуанып отырмын. Балаларға сәттілік тілеймін! Балалар бақытты болсын, өсіп-өсіп, қуаныштары көбейсін!
Айым Әлжан:
Балалар мерекесі құтты болсын! Ата-аналарымызға рақмет айтайық. Осы мереке күн сайын болсын.
Жалпы Таразда биыл бала саны 140 мыңға жетіп отыр. Тәтті тілегі өрілген бүлдіршіндеріміздің балалық шағы бақытқа толсын. Мереке тағы да құтты болсын.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04