Алматыда ғалым Хусамуддин әс-Сығнақидың туғанына 800 жыл толуына орай конференция өтті
Биыл қазақ даласынан шыққан көрнекті ғұлама ғалым Хусамуддин әс-Сығнақидың туғанына - 800 жыл.
Осыған орай Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, алыс-жақын шетелдерден ғалымдар қатысты. Ғұлама ислам дінінің көркеюуіне, жан-жақты зерттелуіне мол еңбек сіңірген қайраткер. Ислам ғылымы мен білімінің дамуына үлес қосқан. Шарада сөз алғандар ғұлама жайлы тың деректерімен бөлісті. «Бабамыздың бізге қалдырған мұрасы әлі күнге дейін дін, ғылым саласында өзінің өзектілігін жойған жоқ», - дейді қатысушылар.
Наурызбай Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы:
Ұлы тұлғалардың танылуы, кезіндегі біздің қасиетті жерімізде қалыптасқан, насихатталған Ислам дінінің құндылықтарын зерттеу арқылы қазіргі таңда болып жатқан әртүрлі діни теріс ағымдардың алдын алу және теріс ағымдарға түскендерді оңалту жұмысына өте қажет болады деп есептейміз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04