Францияда 108 полицей жараланды
Францияда Бірінші мамыр шерулері үлкен қақтығысқа ұласып, 108 полицей жараланды. Сонымен қатар 291 адам тұтқындалған. Мұны елдің ішкі істер министрлігі хабарлап отыр. Бұл жолы да демонстрация тәртіпсіздікке ұласып, көліктер өртелді. Елде көшелерге 782 мың адам шығып, президенттің зейнетақы реформасына наразылық білдірді. Ол реформаға сәйкес, азаматтардың құрметті демалысқа шығу жасы 62-ден 64-ке дейін көтерілген. Үкіметтің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс қартайып бара жатқан елдің зейнетақы қорын күйреуден қорғау үшін қажет. Ал халықтың айтарлықтай бөлігі биліктен қаржы үнемдеудің өзге жолын іздеуді талап етіп жатыр. Және де тұрғындар бұл реформаға қарсылықты жалғастыратынын ескерткен.
Антуан Эвойе, шеруші:
Соңғы жаңалықтарды тыңдадым. 10 француздың жетеуі бұл шерулерді қолдап, зейнетақы реформасына қарсылықты тоқтатпақ емес. Әрине мәселе тез шешілмей жатыр. Бірақ бәрі жақсы болады деп ойлаймын.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05