Президент импортқа тәуелділікті азайтуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрін қабылдады. Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстанның барлық негізгі сауда серіктесімен өзара тауар айналымында өсім байқалады. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының отандық өндірісінің жағдайы туралы айтты. Импортқа тәуелділікті барынша азайту үшін алдағы уақытта өңірлерде іске асырылатын ірі агрожобалардың топтамасы жасақталады.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі:
Біздер ірі агро жобаларды бастадық. Президент маған біраз тапсырмалар берді. Біріншіден, азық-түлік мәселесі туралы. Тұрақтандыру жұмысын ары қарай ұлғайтуға. Екіншіден, Қазақстан нарығының импортқа тәуелділігін төмендетуге, үшіншіден, ауыл шаруашылықта агроиндустрализацияны ары қарай дамыту.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04