Грекия тарихындағы ірі темір жол апатына адами фактор себеп болған
Грекия тарихындағы ірі темір жол апатына адами фактор себеп болған. Осылай деп мәлімдеген елдің Премьер-министрі кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Бұл жағдайдан соң көлік министрі қызметінен кетті.
Еске салайық, елде 350 адам мінген жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысқан еді. Соңғы мәліметке сай, 43 адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланды. Апатқа ұшыраған пойыздардың қозғалысын басқарған станция басшысы да ұсталды. Ол бір жолда қарама-қарсы бағытта жоғары жылдамдықпен жүйткіген екі пойызға дұрыс белгі бермеген. Сол үшін абайсызда кісі өлтірді және қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталды.
Ал Афиныда халық наразылық шеруіне шығып полициямен қақтығысты. Кәсіподақ лидерлері апатқа маман жетіспеушілігі, құрал-жабдықтардың тозуы секілді бірнеше фактор себеп дейді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05