Елде 1 миллион 180 мың адамның берешегі бар - Ержан Біржанов
Үшінші наурыздан бастап банкорттыққа өтініш қабылдау басталады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елде 1 миллион 180 мың адамның берешегі барын айтты. Қарыз сомасы: 1 триллион 100 миллиард теңге. Алайда, барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін, дейді. Өйткені, «банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Оған қоса, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды. Сонымен бірге, азаматтың банкроттықтан кейін үш жыл бойы қаржылық жағдайы тексеріліп отырады. Бұдан бөлек, банкроттық бюджетке де кері әсерін тигізеді, деді ведомство өкілі.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Жергілікті бюджет аталған тұлғалардың 100 пайыздық айналымы кезінде 3 жылда 100 миллиард теңгеден айырылуы мүмкін. Яғни 2023 жылы – 50 миллиард теңге, 2024 жылы – 30 миллиард теңге, 2025 жылы – 20 миллиард теңге деп жоспарланып отыр. Банкроттық – бұл қарызды төлеуден босату емес, кешірім жасау емес, өзіндік талаптардан тұратын соңғы амал. Біз, барынша өз тарапымыздан борышкерлер көп өңірлердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05