Түркиядағы зілзала: екі қазақстандықты іздеу жалғасып жатыр
Түркияның Хатай провинциясында үйінді астында қалған отандасымыз Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековті іздестіру әлі жүріп жатыр. Таңға жуық кран жеткізілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аттанған қазақстандық құтқарушылар жасағы мен кинологтар да сонда. Мирболаттың інісі Алматтың сөзінше, жаңа ғана бетон жамылғылар астынан үш жеткіншек шығарылған. Үшеуі де дін-аман. Сондықтан жерлестеріміздің аман-есен табылуына үміт мол.
Еске салайық, жоғалған үш отандасымыздың бірі - Сабина Мамадиярова кеше алты метрлік тереңдіктегі үйіндінің астынан шығарылған еді. Қазір жағдайы қалыпты.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04