Түркияның Хатай провинциясында екі отандасымызды іздеуге қосымша күш жетті
Түркияның Хатай провинциясында үйінді астында қалған отандасымыз Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековті құтқаруға кран жеткізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қазақстандық құтқарушылар отряды мен кинологтар да таңға жуық Адана қаласына жеткен. Қазір іздестіру-құтқару жүріп жатыр.
Хабарсыз кеткен үш адамның бірі Сабина Мамадиярова кеше алты метрлік тереңдіктегі үйінді астынан шығарылған болатын.
Еске салайын, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үш отандасымыз хабарсыз кеткен еді. Олар үш жылдан бері Түркияда тұрады. Өзінің ІТ стартапы бар. Сол жақта жұмыс істейді. Зілзала болғаннан бір күн бұрын контент түсіру үшін Хатай провинциясына барған.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04