Өнімі үсіп кеткен жылыжайлардың иелеріне мемлекет қолдау көрсетеді
Көмір тапшылығынан өнімі үсіп кеткен жылыжайлардың иелеріне мемлекет қолдау көрсетеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Еске салсам, екі апта бұрын Түркістан облысының Сарыағаш және Қазығұрт ауданындағы шаруалар жылыжайды жылытуға көмір таппай қалған еді. Салдарынан тонналаған өнім жарамсыз боп қалды. Қатты отын тапшылығынан диқандар көкөніс өсіруді кешіктіруге мәжбүр. Енді оларға жеңілдетілген несие беру, көмірді тікелей жеткізуді жолға қою сияқты шаралар атқарылып жатыр. Сонымен қатар несие төлемдерін шегере тұру мәселесі де қарастырылады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04